Астанада бүркітші қыз туралы кітаптың тұсаукесері болды

Фото. Фильм. Енді кітап...

  • 21.12.2022

 

New York Times басылымының журналисі Лиз Уелш ең жас бүркітші туралы кітабын жарыққа шығарды

Астанада өтіп жатқан Орта Азия медиа форумының аясында осы форумға арнайы шақырылған New York Times-тың тілшісі, бірнеше бестселлердің авторы Лиз Уелштің бүркітші қыз туралы «Eagle Huntress» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл бүркітші қыз – Моңғолияда туған қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып. Уелштің кітабы шықпай тұрып-ақ әлемге танымал болған айшолпанның бүркітпен түскен суреті, артынша «Бүркітші» деген фильм арқылы «Оскар» сыйлығына үміткер болғаны Уелштің қызығушылығын тудырған. Кітабының тұсаукесер кезінде Айшолпанмен қалай танысқанын, кітапты жазуға не себеп болғанын айтты.

«Көп адам менің онымен қалай кездескеніміз жайлы сұрап жатады. Мен ең алдымен бүркіттер мен бүркітшілерді суретке түсірген израильдік фотографтың суретін және бүркітті Моңғолияда қалай баулитынын көрдім. Ол фотограф қыздар арасында бүркітшілердің бар-жоғын білгісі келген. Ол Айшолпанды осылайша тапқан. Оның отбасында бүркітшілік жеті атадан бері жалғасып келе жатқан әулетке ортақ дәстүр. Осыдан кейін Айшолпанның бүркітпен түскен суреті әлемді кезіп кетті. Осының арқасында ол туралы кинорежиссер қызығушылық танытып, ол туралы «Бүркітші» деген фильм түсірілді. Мен осы уаққа дейін 5 кітап жаздым. Солардың ішінде Малала Юсуфзай (Пәкістандық атақты құқық қорғаушы – ред.) туралы да бар. Мен жап-жас қыздардың ғажап қайратын көрдім, сосын Айшолпан туралы да жазам деп шешім қабылдадым», - дейді кітап авторы.

Кітапттың тұсаукесеріне бас кейіпкер айшолпан да қатысты. Ол форумға шақырғаны үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліге рахмет айтты. Бір айта кетерлігі Қазақстан үкіметі айшолпанға ЖОО-да оқуға арнайы грант бөлген.  

«Қазір мен мұғалім мамандығы бойынша үшінші курста оқып жатырмын. Мен бала кезімнен бүркітші болуды армандадым. Олар мен туралы фильм түсіріп, кітап жазды. Өзім туралы фильмнің премьерасын жасаған 30 елге бардым. Бүкіл әлем бойынша біздің дәстүріміз туралы айтып, халықаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосуға мүмкіндігім бар екеніне қуаныштымын», - деді Айшолпан.

Жалпы, форумға келген әлемге белгілі тұлғалар бірнеше кездесу өткізіп, қазіргі әлемдік медиа туралы ойларын айтты. Мәселен, осы кітаптың авторы бүгін форумның панельдік сессиясында «Медиа саласындағы әйелдер: азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі» тақырыбында сөз сөйлесе, Пулитсер сыйлығының иегері, атақты фотограф, Associated Press агенттігінің бұрынғы фото­журналисі Лю Хен Шинг журналистермен кездесу өткізіп, өзінің еңбек жолы мен өзі түсірген фото­суреттерге шолу жасап, қазіргі фото­журналистика туралы ойымен бөлісті.

Айта кету керек, Астанада өтіп жатқан Орта Азия медиа форумы тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған шараға Орта Азия елдері мен Түркі елдерінен бөлек, өзге де елдерден танымал адамдар келіп қатысты.

Байланысты жаналықтар

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025
MalimBlocks
Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.