Белгілі ақын Мылтықбай Ерімбетов өмірден озды

Ақынның кенеттен жүрегі тоқтап қалған

Мәди Саматұлы

  • 08.06.2024

Дарынды ақын, белгілі журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мылтықбай Ерімбетов кенеттен жүрегі тоқтап, 68 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақынның жұма күні таңғы бесте үзілген қаралы хабарын Қасымхан Бегманов жеткізді. Жаназасы өзінің туған жері Жетісайдағы Тельман аулында, ата-анасының қарашаңырағында өтетін болды.

Өткен жылы Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өткен ән-жыр кешімнің соңында арнайы келіп, бетімнен сүйіп, қатты толқып, тыңдағанын айтып, өзінің ризашылығын білдіріп еді. Мылтықбай Ерімбетов кезінде "Никарагуа, Никарагуа", "Сенің жазған хаттарың-ай, хаттарың" деп жырлаған талантты ақын еді. Бұл ағамыз да кетті, бұл дүниеде кім қалады дейсің..., деп жазды Қасымхан Бегманов.

Мылтықбай Ерімбетов 1956 жылы Түркістан облысында, Жетісайда дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Өзбекстандағы Мырзашөл аудандық «Достық» қазақ газетінде бастап, тілшіден редакторлыққа дейін істеді. 1982 жылдан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің кітап насихаты бөлімінде аға редактор, 1985 –  1995 жылдары «Парасат» («Мәдениет және тұрмыс») журналында бөлім меңгерушісі болып, 1995 жылдың тамыз айынан шығармашылығымен айналысып келді. «Балқаймақ», «Отырар төбе», «Мырзашөл» т.б. жыр жинақтарының авторы.

Фото: әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

28.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

18.04.2025

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

09.04.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025
MalimBlocks
Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

Ол әкесінен рұқсат алған.

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

Ол келмеген қонақтарына да ренжулі екен.

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті