457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстау облысында сарбаз қаза болды

"Қауіпсіздік шараларын сақтамаған” деп жазылған шекара қызметінің хабарламасында

Қазақстанда тағы бір әскер қатарына шақырылған сарбаз қаза тапты.

“7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қасіреттің себебі техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы” деп жазылған шекара қызметінің хабарламасында.

Сарбаздың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қосымша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар арасында өлім-жітім жиілеп барады. Бірнеше күн бұрын Алматы облысында Қарасай шекара бөлімінде әскерге кеткеніне бір апта болған сарбаз қаза болған еді.