Жолаушы әйел ұшақ бортында көз жұмды

27 мамырда сағат 12:40-та, Nordwind Airlines ресейлік әуе компаниясының BOEING 777 ұшағы Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Ұшақ Екатеринбургтен Сочиге бағыт алған. Борттағы жолаушы әйелдің жағдайының күрт нашарлауы қонуға себеп болған. Ұшақ жерге қонғаннан кейін бірден медициналық бригада шақырылған.
Алайда әуежайдың ресми парақшасында бұл іске қатысты жазба пайда болды.
"Өкінішке қарай, қолданылған шараларға қарамастан, жолаушыны құтқару мүмкін болмады. 1983 жылы туған әйел ұшақ Ақтөбеге қонбай тұрып қайтыс болды. Ақтөбе халықаралық әуежайы марқұмның туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтады. Экипажға кәсіби әрекеті мен жердегі қызметтермен үйлесімді жұмыс үшін алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті органдар тергеу жұмыстарын жүргізеді.
Фото: instagram.com/aktobe_airport

Самое читаемое
