Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

Ол әкесінен рұқсат алған.

Сабина Асқарқызы

  • 28.04.2025

Әлеуметтік желіде «Супер тамада» деп танылған Сабыржан Түзелбаев өзінің өміріндегі ең ауыр той жайлы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, кейде асабалардың да ауыр сынақтарға тап болатын сәттері бар.

Мен үшін ең ауыр той туралы айтқым келеді. Той болатын күні менің анам өмірден озды. Үйдегілерді жұбатып, «жыламаңдар» деп басу айттым. Бірақ өзім сыртқа шығып, көлігімнің ішінде үнсіз жыладым... Ал ертеңіне екі тойға шығу керек болды. Досым Айбек той иелеріне анамның қазасы жайлы хабарлап, жағдайды түсіндірді. Олар да түсіністік танытып, көңіл айтып жатты. Сол күні күндіз анамды жерледік. Үйге келген соң әкеме: «Аманат алған едім, не істейін?» деп сұрадым. Әкем: «Балам, аманатты орындағаның дұрыс. Туған-туыстарға «Сабыржан ауырып қалды» дейміз, сен бара бер» деді, деп еске алады Сабыржан.

Ол Аягөздегі тойға сәл кешігіп жеткенін айтады.

Мейрамханаға кіргенімде 400 адам қол соғып қарсы алды. Сол сәтте барлық қайғымды ұмытып, тойды бар ынтаммен, бір жарым сағат бойы керемет көңіл күймен жүргізіп шықтым, дейді асаба.

Фото: Видеодан алынған кадр

 

Байланысты жаналықтар

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

200 мыңнан 5 млн-ға дейін. Әншілердің тойдағы гонорары белгілі болды

09.05.2025

Жігер Ауыпбаевтың әйелінің бетін ашқан Нұрлан Еспанов таңданып қалды

30.04.2025

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

29.04.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті

27.04.2025

“Іш пысты”: Алтынай Жорабаева Грузияда тойдың қалай өтетінін айтты

24.04.2025
MalimBlocks
Талғар ауданында атыс болды

200 мыңнан 5 млн-ға дейін. Әншілердің тойдағы гонорары белгілі болды

Жігер Ауыпбаевтың әйелінің бетін ашқан Нұрлан Еспанов таңданып қалды

Өнер иесі жақын достарын бейнебаянының тұсаукесеріне шақырған

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

Өнер иесі бәрін кешіргенін алға тартты.

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті

“Іш пысты”: Алтынай Жорабаева Грузияда тойдың қалай өтетінін айтты

Өнер иесін тойға арнайы шақырған