Белгілі фотожурналист Болат Омарәлиев өмірден озды

Марқұм 76 жасқа қараған шағында бақилыққа аттанды

Мәди Саматұлы

  • 31.08.2024

Қаралы хабарды журналист Ержан Жаубай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Болат Шамаұлы 1948 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалы ауылы, Ызакөл деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастаған.

1969 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде фототілшілік қызмет атқарды. Болат Шамаұлы «Егемен Қазақстан», «Казакстанская правда», «Қазақ әдебиеті» ұйымдастырған фотоконкурстардың лауреаты болды. Ол Қазақстан фотожурналистикасын дамытуға көп жыл сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды. Ресей, Польша, Украина елдерінде бірнеше рет фотокөрме өткізген.

Фото: Madeniet_aqparat_ministrligi