457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Баж салығы: Трамп Қазақстанға 1 тамызға дейін уақыт берді

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылғы 1 тамызда күшіне енетін баж салығының мерзімін одан әрі созбайтынын ескертті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды. Бұл туралы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


Кеше және бүгін бірқатар елдерге жіберілген, сондай-ақ жақын күндері жіберілетін ресми хаттарда көрсетілгендей, тарифтер 2025 жылғы 1 тамыздан бастап төленуі тиіс. Бұл мерзім өзгермейді және өзгертілмейді, – деп жазды Трамп.

Ол, сондай-ақ, ешқандай қосымша уақыт берілмейтінін қатаң ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Қазақстан тауарларына 25 пайыздық кедендік тариф енгізетінін хабарлаған. Ол бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында жазған.

8 шілде күні ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресми мәлімдеме жасап, Трамптың салығы қазақстандық экспорттың шамамен 95 пайызына әсер етпейтінін атап өтті. Ведомство мәліметінше, Қазақстан АҚШ-қа негізінен мұнай мен металдар экспорттайды, ал жаңа баж салығы азық-түлік пен дайын өнімдерге қатысты болуы мүмкін.

Фото: flipboard.com