Бүгін – Қадір түні

Malim Админ

  • 17.04.2023

Бүгін – Қадір түні. Барша мұсылман қауымы осы қасиетті түнді асыға күтіп, дұға етіп, Алладан кешірім тілеп өткізеді.

Биыл Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні деп бекітілді. Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады.

Мұсылман қауымы үшін ерекше орын алатын бұл түн туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" толық жазылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде жерге түсірілгені жайлы айтылады. Сонымен қатар ол мың айдан да қайырлы болып есептеледі. Алланың бұйрығымен жерге түскен Жәбірейіл періште адамдарға қызмет етеді.

Қадір түнінде жел соқпайды. Айналада тыныштық орнап, жауын-шашын жаумайды. Бұл түні жерге түскен періштелер тастан да көп болып, олар адамдарға дұға етуге жәрдемеседі.

Қадір түнін ұйқысыз дұға етіп, құлшылықпен өткізген жөн. Ер адамдар мешітке барып, парыз намаздары мен нәпіл, қаза намаздарын жамағатпен бірге оқығаны жөн. Ал әйел адамдарға мешітке бару міндетті емес. Сондай-ақ Қадір түнінде садақа берген абзал. Биылғы жан басына бекітілген пітір садақа - 535 теңге.Ал ораза айт мерекесі 21 сәуірде өтеді.

Байланысты жаналықтар

Рамазан – 2025. Қасиетті мереке қашан басталады?  

17.10.2024
MalimBlocks
Рамазан – 2025. Қасиетті мереке қашан басталады?  

Рамазан-мұсылмандардың рухани тазарып, қайырымдылыққа үлес қосатын,  иманын бекемдейтін діни мерекесі