Рамазан – 2025. Қасиетті мереке қашан басталады?  

Рамазан-мұсылмандардың рухани тазарып, қайырымдылыққа үлес қосатын,  иманын бекемдейтін діни мерекесі

Malim Админ

  • 17.10.2024

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2025 жылғы діни мерекелердің күнтізбесін жариялады. Биыл Рамазан айы 1-29 наурыз аралығында болады деп хабарлайды Malim.kz ҚМДБ-ға сілтеме жасап. 


Рамазан айы мен Ораза қай уақытта басталады?

Рамазан-мұсылмандардың рухани тазарып, қайырымдылыққа үлес қосатын, иманын бекемдейтін діни мерекесі. Ай күнтізбесіне байланысты қасиетті мейрам 29-30 күнге созылады және 2025 жылы 30 наурызға сәйкес келетін Ораза айтпен аяқталады.

Рамазан айында жүкті және бала емізетін әйелдер, науқастар мен қарттар, жеті жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ жауынгерлер мен саяхатшылар сияқты белгілі себептермен оны орындай алмайтындар ораза тұтпайды.

Қадір түні қашан болады?

Рамазан айындағы маңызды мезеттің бірі-Қадір түні. 2025 жылы қасиетті тәулік 26-27 наурызға қараған түні атап өтіледі. Бұл уақытта мұсылмандар Жаратқанға дұға етіп, жасаған амалдарын таразылап, Алланың кешірімі мен игілігіне бөленуге ниет етеді.

Рамазанда не істеуге болмайды?

Рамазан айында, ең алдымен, тамақ пен судан тыйылу керек. Мұсылмандарға күндізгі уақытта тыйым салынатын, орындалмаған жағдайда Ораза қабыл болмайтын тағы да бірқатар дүниелер бар:

1) темекі тарту, оның ішінде кальян немесе шылым шегу;

2) аузыңызға түкірікі жинап, жұту;

3) саусақ тығып, құсуды әдейі қолдан жасау;

4) инъекциялар (соның ішінде вакцинация), мұрын және құлаққа дәрі тамызу, дәрі-дәрмек қабылдау;

5) жүзу (ауызға су кіруі мүмкін);

6) сүйісу;

7) тіс тазалау кезінде суды жұту;

8) қан тапсыру;

9) жыныстық қарым-қатынас (сәресінен ауызашар уақытқа дейінгі аралықта);

10) эндоскопиялық зерттеу, клизма;

11) етеккір кезі.

Оразада рұқсат етілген нәрселер:

жүзу (ауызға су кірмесе);

сүю (бірақ әріге кетпеу);

Мисуакпен тістеріңізді тазалауға болады;

сілекей жұту;

қан тапсыру.

Рамазан басталғанша қандай сауапты амалдар жасау керек? 

Ниетіңізді сауапты істер жасауға бейімдеу керек. Рамазан басталғанға дейін, егер бар болса, өткен жылдан қалған қарыз-парызды өтеген жөн. Қасиетті айға физикалық тұрғыда дайындалу қажет, қуырылған және ащы тағамдардан, кофе мен газдалған сусындардан бас тартқан дұрыс.   Өйткені олар ағзаның нашарлауына әкеліп соғады. Бұл айында сауап алу үшін Рамазан ережелерін сақтау және киелі айдың  игілігін сезінуге білім жинау керек. Ораза аяқталғаннан кейін мұсылмандар Ораза айтты мерекелеуге жиналады, ол 2025 жылы 30 наурызға дөп келеді.

Қазақстанда Құрбан айт қашан болады? 

Құрбан айт та мұсылман қауымы үшін маңызды діни мейрам. Ол 2025 жылы 6-8 маусым аралығында өтеді. Бұл мереке Ибраһим пайғамбарды еске алу үшін құрбандық шалумен және оның ұлын Алланың қалауын орындау үшін құрбандыққа шалуға дайын болуымен байланыстырылады. Құрбан айт кезінде мұсылмандар дәстүрлі түрде қой, ешкіні құрбандыққа шалып, етті отбасы, достары мен мұқтаждары арасында бөліп береді.

Фото:  epositphotos.com  

Байланысты жаналықтар

ҚМДБ мәһірге байланысты маңызды шешім қабылдады

18.11.2024

2025 жылы діни күндер кестесі бекітілді

16.10.2024

Қостанай облысына жаңа бас имам тағайындалды

29.07.2024

Түнгі клуб жанында мас күйінде ұсталған қостанайлық бас имам қызметінен босатылды

25.07.2024

Қостанайдың бас имамы ішімдік ішіп, 15 күнге қамалды

25.07.2024

Құрбан айттың алғашқы күнінде қанша мал сойылды

17.06.2024
MalimBlocks
ҚМДБ мәһірге байланысты маңызды шешім қабылдады

Діни басқарма қалың мал мен мәһірді біріктірді

2025 жылы діни күндер кестесі бекітілді

Ораза айы 1 наурызда басталады.

Қостанай облысына жаңа бас имам тағайындалды

Бұл орынға Қостанай қалалық «Марал Ишан» мешітінің имамы лайық деп танылған

Түнгі клуб жанында мас күйінде ұсталған қостанайлық бас имам қызметінен босатылды

Бұған дейін ол Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде автокөлікке отырып, жол ережесін бұзғаны үшін он бес тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған еді.

Қостанайдың бас имамы ішімдік ішіп, 15 күнге қамалды

Одан кейін бірнеше облыста медресе ұстазы болған.

Құрбан айттың алғашқы күнінде қанша мал сойылды

Оның ішінде: қой – 17 327, ешкі – 1 597, ірі қара – 1 307, түйе – 5.