Елімізде бүгін – «Астана күні»!

Мерекеге орай Астанада дрондар шоуы өтеді

Мәди Саматұлы

  • 06.07.2024

Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттік бағдарламалар, фестивальдар, спорттық турнирлер және т.б. ұйымдастырылады, деп хабарлайды Malim.kz.

1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы 10 маусымда жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін Астананың туған күні ретінде аталып өтіп келді. Ал 2006 жылдан бастап 6 шілде елорда күні ретінде бекітілді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 5-7 шілде аралығында елордада «Еуразия театры» халықаралық көше театрларының фестивалі өтіп жатыр. Оған эстониялық, польшалық, ресейлік және қазақстандық театр ұжымдары мен әртістер қатысады.

Бүгін, 6 шілдеде халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябаққа дейін жалғасады.

Одан бөлек, қала шетіндегі тұрғын алаптарда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Астана – жүрегім» концертін тамашалауға болады. Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары ән шырқайды.

Ал кешке Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен «Астана – арман қала» мерекелік концерті болады. Онда белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары, олардың ішінде Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Зарина Омарова, сондай-ақ DJ Dake және «ALEM» заманауи би балеті өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, бүгін кешкі сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді, одан кейін дрондар шоуы жоспарланған.

Ол шамамен уақыты сағат 22:15-те (22:30) басталады. Ол үшін 1250 жоғары жылдамдықтағы радиомен басқарылатын дрон көкке көтеріледі. Оның ішінде 70-інде пиротехника орнатылған. Бұл дрондар мен пиротехника симбиозының жаңа технологиясы. Барлық визуалды эффектілер қазақстандық және шетелдік композиторлардың музыкасымен синхрондалады.

Көрме демеушілер қаражаты есебінен ұйымдастырылмақ.

7 шілдеде Орталық саябақта фестиваль қатысушыларының театрландырылған қойылымдары жоспарланған.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

11.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

01.05.2025

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

17.04.2025

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

15.04.2025

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

13.04.2025
MalimBlocks
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады