Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры

Елге танымал кітапханашы Ғазиза Құдайбергенқызы Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасынан Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры болып ауысты. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі сыншы Амангелді Кеңшілік жазды.
2022 жылғы қаңтар қырғынында шындықты айтқаным үшін жұмыстан шығып қалдым. Сол жылы мен «Мұқағали ғасыры» атты кітабымды жазу үшін қызметімді тастап, екі газетпен келісімшартқа тұрып, азғантай қаламақы алып, нәпақамды тауып, отбасымды асырап жатқан едім. Қаңтардан соң айналасы бір ай ішінде екі басылым да келісімшартымды тоқтатып тастады. Осындай қиын мезгілде билікке жақпайтын азаматтық позициям мен саяси көзқарасыма қарамастан, мені жұмысқа шақырған бір ғазиз жан болды, ол – Ғазиза Құдайбергенқызы.
Үш жылға таяу уақытта Ғазизаның қолдауының арқасында алаңсыз жұмыс істеп «Әлем әдебиеті» бағдарламасын жүзеге асырып 30-ға жуық дәріс оқыдым. Міне бүгін сол абзал жан басқа қызметке ауысып, Алматыдағы Ұлттық кітапхананың басшысы болып тағайындалыпты. Жаңа қызметіңіз құтты болсын, Ғазиза ханым! Сізге барлық жақсылықты тілеймін. Абыройыңыз арта берсін!, деді А. Кеңшілік.
Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры болып 2022 жылы тамызда тағайындалған болатын.