Медиация: халықаралық тәжірибе

Бүгін Астана қаласында «Голландиялық медиация институтының» бас директоры, медиация және келіссөздер бойынша профессор Ян ван Звиетеннің қатысуымен «Медиация: халықаралық тәжірибе» деп аталатын дөңгелек үстел өтті.

  • 12.06.2023

Аталған дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен республикалық грант жеңімпаздары «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ-мен ұйымдастырылды.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінің ғимаратында өтіп оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, сонымен қатар еліміздің медиаторлары қатысты.

Ян ван Звиетен – медиация және келіссөздер бойынша профессор, «Голландиялық медиация институтының»  және «Голландиялық менеджмент институтының»  бас директоры, ресми түрде тіркелген медиатор (IRM, MfN және IMI), Голландиялық медиаторлар регистрінің бұрынғы басқарма төрағасы, «Голландиялық ұлттық медиация институтының» басқармасының бұрынғы қазынашысы.

Жиын аясында профессор Ян ван Звиетен еліндегі медиация институтының дамуы туралы айтып, жеке тәжірибесімен бөлісіп,  медиаторлардың сауалдарына жауап берді.

Шара соңында «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ атынан шетелден келген сыйлы қонақтардың иығына шапан жапты.