Министрлік педагогтардың жалақысы қалай өсетінін түсіндірді

Malim Админ

  • 11.03.2020

"Педагог мәртебесі туралы" заңына сәйкес,  мұғалімдердің жүктемесін азайтылып,  жалақысы көбейтілетіні белгілі. Білім және ғылым министрлігі алдағы оқу жылынан бастап мұғалімдердің жалақысын көбейту міндетіне  кіріспек. Ол үшін педагогтарды алдымен тестілеуден өткізіп, категориясын анықтап алмақ.

Бұл жолғы аттестацияның жөні бөлек

Білім және ғылым министрлігі биыл өткізетін педагогтардың аттестациясы бұрынғы аттестациядан бөлек болмақ. Неге десеңіз, мұғалімдерді аттестациялау осы күнге дейін 2018 жылы енгізілген жүйе бойынша іске асып келген. Алайда "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданған соң, аттестациядан өткізу бұйрығына өзгерістер енгізілді. Енді мұғалімдер жаңа ережелер бойынша аттестациядан өтеді.

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринованың айтуынша, жаңа ережеге сәйкес, мектепге дейінгі ұйымдар, мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің педагогтары түгелдей аттестациядан өтпек. Неге десеңіз, "Педагог мәртебесі" заңы бойынша, осы санаттағы ұстаздардың барлығы педагог мәртебесі берілген.  Осылайша, бұрын аттестациядан тек мектеп мұғалімдері ғана өтсе,  биыл аталған санаттағы барық педагогтарды аттестациялау үшін бюджеттен қаржы бөлініпті. Мұндағы мақсат ­- педагогтар категориясын анықтап, олардың жалақысына 30 пайыздан 50 пайызға дейін үстемақы қосу. "Бұл барлық категориядағы педагогтардың категориясын жақсартып, олардың жалақысын 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсіру үшін жасалып жатыр. "Педагог статусы  туралы" заң аясында осындай мүмкіндік берілді", - дейді Шолпан Қаринова.

Демек, аталған санаттағы педагогтар осы бастан аттестацияға дайындала берсе болады. Білім және ғылым министрлігі аттестацияны тест форматында өткізбек. Ол үшін тестер жаңартылып, сұрақтар құрастырылып та қойылған. Министрлік мұғалімдерді тестілеуді сәуір айынан бастамақ.  Сонда тестілеуден сәтті өткен мұғалімдердің 1 қыркүйектен бастап жалақысы көтерілмек.

Тесттің өзі екі кезеңнен тұрады. Бірісіншісі – педагогтарға арналған ұлттық кәсіби тестілеу болса, екіншісі педагог қызметін талдап қорыту. Екінші кезеңде мұғалім портфолиосы мен тәжірибесі сараланатын болады.

"Педагог мәртебесі туралы" заңға сәйкес, мұғалімдерге дәптер тексеру, сынып жетекшілік еткені үшін төленетін ақы екі есе өседі. Магистр дәрежесі бар педагогтардың жалақысына  айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша үстемақы қосылады. Ал жалпы, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша,  2025 жылға дейін мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі.

Фото: kapital.kz

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

20.03.2023

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

16.03.2023

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

14.03.2023

«AMANAT»: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ АРТАДЫ

13.03.2023

«Қорғансыздың күнінде» қызды зорлаған болыс өмірде кім болған? 

12.03.2023

Ермек Қаныкейұлы. Ақкөл жердің шеті емес...

11.03.2023
MalimBlocks
Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

Әсілінде екеуі екі бөлек нәрсе

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

Алматылықтар байкот жариялаған

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

Жергілікті жұрт көктемнің шыққан-шықпағанын осы амалдың қалай кіруінен-ақ байқаған

«AMANAT»: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ АРТАДЫ

«Қорғансыздың күнінде» қызды зорлаған болыс өмірде кім болған? 

Аса қатал, қатыгез, менмен болыс болған

Ермек Қаныкейұлы. Ақкөл жердің шеті емес...