Қала күніне тарту. «Өскеменім» атты жаңа әннің тұсаукесері өтті
Шаһардың қайталанбас атмосферасын бейнелейтін жаңа ән тұрғындар мен қонақтар үшін тамаша тарту болды
Қала күнін мерекелеу аясында «Өскеменім» атты жаңа әннің тұсаукесері өтті. Әнді Арник Байбосынов, Эльдар Уадинов, Роман Хохлов және Айжан Рахымбекова сынды Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының дарынды әншілері орындады.
Қаланың қайталанбас атмосферасын бейнелейтін жаңа ән шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша тарту болды.
Ал Өскеменнің әдемі тыныс-тіршілігін сипаттайтын клип көптің көңілінен шыққандай. Бейнебаянда қаланы қоршаған таңғажайып пейзаждар заманауи урбанистикалық кескінмен әдемі үйлестіріліп, табиғат пен сәулет үйлесім тапқан.
Алайда бұл композициядағы ең бастысы – тұрғындардың әнді жылулыққа толтырған жарқын күлкісі. Әннің әр сөзі, бейнебаянның әр кадры тұрғындардың қуанышы мен мақтанышын білдіріп тұрғандай. Бейнебаян да, әннің өзі де Өскеменді жақсы көретін әр адамға жақын әрі ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз.
Фото: видеодан скрин