32 жастағы әйел трендті қайталаймын деп омыртқасын сындырды

Екатеринбург қаласында 32 жастағы әйел әлеуметтік желідегі танымал флешмобты қайталауға тырысып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz ақпарат порталы Stan.kz сілтеме жасап.
Ол Nicki Minaj Challenge атты челенджге қатыспақ болған.
Бұл челленджде қатысушылар өкшелі аяқ киім киіп, өте ыңғайсыз қалыпта және тұрақсыз заттардың үстінде отырып тепе-теңдікті сақтауы тиіс. Алайда әйел тепе-теңдігін ұстай алмай құлап, омыртқасынан компрессиялық сынық алды.
Қазіргі таңда ол ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның ұзақ уақыт ем қабылдайтынын айтып отыр.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
