МӘМС-ке өзгеріс енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС-ке енгізілген өзгерістерге байланысты жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заң мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында әзірленіп, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды мақсат етеді. Заң нормалары медициналық көмекті қаржыландыру саласында ашықтық пен есептілік тетіктерін енгізуге бағытталған. Атап айтқанда, МӘМС қағидаттарын кеңейту және мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен өзгерту, сондай-ақ жарналарды төлеуде уақытша үзіліс болған жағдайда сақтандырылған мәртебесін қорғау көзделген.
Атап айтқанда, қабылданған түзетулер медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, қаржы ағындарының ашықтығын күшейтуге және МӘМС жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ олар халықты сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейтуді, медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау мен жедел ден қою тетіктерін енгізуді көздейді.
Негізгі жаңалықтар:
- жұмыссыздар мен әлеуметтік жағынан осал санаттар үшін медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етіледі (жарналарды жергілікті әкімдіктер төлейді);
- МӘМС қаражатының қозғалысы мен пайдаланылуы туралы деректерді жариялау міндетті түрде енгізіледі;
- сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда қаражатты қайтару көзделеді;
- медициналық қызметтер саласындағы бұзушылықтарға қадағалау және жедел ден қою тетігі белгіленеді;
- жасушаларды, тіндерді, гемопоэтикалық бағаналы жасушаларды трансплантациялау бойынша лицензиялау енгізіледі;
- сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ТМККК аясында және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады;
- І топтағы мүгедектігі бар зейнет жасындағы адамдардың жұбайларына олардың жеке көмекшілері болу құқығы бекітіледі;
- «адам ағзасы», «адам жасушалары», «әлеуметтік маңызы бар аурулар» ұғымдары нақтыланады.
Ақорданың мәліметінше, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Фото: pixabay.com

Ең көп оқылған
