Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

Malim Админ

  • 30.03.2025

Қазақстандықтар онкологиялық скринингтік зерттеулерден тегін өтеді. Мұндай тексеріс пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізіледі. Malim.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап онкоскринингтен кімдер тегін өте алатынын хабарлайды.

Сүт безі обырын ерте анықтау үшін: сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер; Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін: жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер;
Колоректальды обырды ерте анықтау үшін: жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер өте алады, — дейді министрлік мамандары.

Мұндай тексерістер жоғарыда аталған обыр түрлерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтарға жүргізіледі. Ал скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды. Одан бөлек мамандар үйлерді аралап, тұрғындарды ақпараттандырады.

Скрининг арқылы аурулардың диагностикасы диагнозды морфологиялық верификациялау деңгейіне дейін жүргізіледі, одан әрі аурудың таралу дәрежесін анықтау үшін зерттеп-қарау талап етіледі. Обыр алды процестер анықталған жағдайда, пациенттер онкологтың консультациясынан өте алады. Қазіргі уақытта өңірлік онкологиялық орталықтардың базасында, сараптамалық эндоскопиялық орталықтар құрылған. Олар колоректальды обыр скринингінен өтетін пациенттер арасында диагностикалық эндоскопиялық зерттеулерді ғана жүзеге асырып қоймай, сауықтырудан өтеді және динамикалық бақылауға алынады, — дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетейік, скрининг әзірге МӘМС есебінен қаржыландырылады. Ведомства өкілдері онкологиялық скринингті халыққа тегін көрсетілетін медициналық қызметтер тізіміне енгізуді жоспарланып отырғандарын хабарлады. Заңнамалық акт қабылданса, аталған тексеріс түрлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға да тегін жүргізіледі.

Фото: Gov.kz 

 

 

Байланысты жаналықтар

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген