457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Баян Алагөзова вирус жұқтырып алғанын айтты

Ол 10 күн бойы орнынан тұра алмаған

Белгілі продюсер Баян Алагөзова соңғы уақытта әлеуметтік желіде көрінбей кетуінің себебін айтты. Бұл туралы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   


Оның айтуынша, шетелден демалыстан оралған соң өзін жайсыз сезініп, коронавирус жұқтырып алған. Алагөзова он күн бойы төсек тартып жатып қалғанын жеткізді.

Достар, біраз уақыт бойы эфирден көрінбей кеттім. Сағынғандарыңызды білемін. Өкінішке қарай, коронавируспен ауырдым. Он күн орнымнан тұра алмадым. Абай болыңыздар, вирус әлі де бар. Шынымды айтсам, бірінші рет дәл осылай қатты сырқаттандым. Белгісіз бір түріне ұқсайды. Өте қиын өтті. Бәріміз ауырдық. Түркияда емделуге де тура келді. Әлі де әлсіздік бар, – деді продюсер.

Сонымен қатар ол бұдан былай түсірілімдерге қайта оралғанын, жұмыстың қауырт екенін айтты.  

Фото: vk.com