Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

248 млн жазылушысы бар америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Instagram-сторисінде қазақ тіліндегі әннің фрагментін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Мөлдір Байбуринованың айтқан әнін Дженифер Лопес сторисінде жариялады.
Қазақ әншісі танымал композицияның қазақша нұсқасын орындап, әлеуметтік желілерге жариялаған. Бейнеролик тыңдармандардың аккаунттары арқылы жылдам таралып, Дженнифер Лопестің де назарын аудартты. Кейіннен әннің үзіндісі әртістің сторисінде жарияланды.
Жарияланымның астына тыңдармандар жүздеген пікір қалдырған. Олардың бір бөлігі Лопестің Алматыдағы концерті кезінде болған қызық жағдайды еске алды:
— «Who came after JLo's story?» («Джей Лоның сторисінен кейін келгендер бар ма?»).
— «JLo сторисінен келгендер қайдасыздар? Менің пікірімді лайктап қойыңыздар, осында қайта-қайта кіріп, отандасымызбен мақтанып, бұл қазақша нұсқасын тыңдап отыру үшін», – дейді жазылушылар.
Миллиондаған аудиториясы бар аккаунттағы репост қазақстандық қолданушылар үшін мақтанышқа айналды. Пікір қалдырушылардың айтуынша, Дженнифер Лопестің назар аударуы қазақ музыкасы мен тіліне әлемдік аудиторияның қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
Бұған дейін Дженнифер Лопес Instagram парақшасында қазақтың ұлттық әшекейлерін тағып түскен жаңа суреттерін бөліскен еді.
1 тамызда Астанадағы Астана Аренада, 10 тамызда Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің жеке концерті өтті.
Фото: instagram.com/jlo

Ең көп оқылған
