457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістанда 9 жастағы баланың бауырынан эхинококк құрты алынды

Түркістан облыстық балалар ауруханасында күрделі отаның бірі сәтті орындалды.


Ақ халатты абзал жандар 9 жасар баланың бауырынан көлемі 14 сантиметрге жеткен эхинококк құртын алып шықты. Алдын ала тексерулер барысында дәрігерлер қауіпті диагнозды анықтап, науқастың өміріне қауіп төндірген жағдайға жедел шешім қабылдады.

Білікті дәрігер Мұхан Спабекұлының жетекшілігімен ота ашық әдіспен жасалып, паразиттік құрт толықтай алынған. Қазіргі таңда бала қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Аталған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілді. 

Мамандар ата-аналарға балалардың денсаулығына ерекше мән беруді ескертеді. Егер балада мазасыздық, іштің ауыруы, әлсіздік сияқты шағымдар байқалса, уақыт оздырмай дәрігерге жүгіну қажет. Себебі ерте диагностика - қауіпті дерттің алдын алудың ең тиімді жолы.

Фото: Қазақмыс корпорациясы