457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әуежайда өзін өртеген алматылықтың жағдайы туралы айтылды

Алматы әуежайындағы өзін өртемек болған ер адамның жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.


Ведомствоның мәліметінше, пациент жедел медициналық жәрдем бригадасымен № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды.

— Науқастың жағдайы өте ауыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында бір ер адамның касса жанында өзін өртемек болғанын хабарлаған едік. Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Gov.kz