Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Сұлу Бөлек

  • 18.05.2025

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі сәбидің жүрегіне күрделі операция сәтті жасалды. Сәбидің туғанына 45 күн толған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

ДСМ мәліметінше, 25-аптада дүниеге келген нәресте наурыздың басында орталықтың жаңа туған балалардың қарқынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр болды. Зерттеп-қарау нәтижесінде дәрігерлер "ашық артериялық өзек" (туа біткен жүрек ақауы) диагнозын қойып, оған қоса респираторлық дистресс-синдромды анықтады.

Сәбидің жағдайы аса ауыр болғандықтан, ол бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Диагноздың күрделілігіне байланысты перинаталдық орталықтың дәрігерлері бірнеше рет қаладағы кардиохирургтармен кеңесті.

"Сәбиге 45 күн толып, салмағы 1 келіге жеткенде, дәрігерлер жүрегіне операция жасау туралы шешім қабылдады. Ашық артериялық өзекке жасалған күрделі және аса дәлдікті қажет ететін бұл операция сәтті өтті", - делінген хабарламада.

Операцияны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов пен Шымкент қалалық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматологы Ақжол Әбдірайымов жасады.

Қазір сәбидің жағдайы тұрақты ауыр. Ол перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова мен неонатолог-реаниматолог Ерасыл Шәбетов бастаған неонаталдық реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің тұрақты бақылауына алынды.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Байланысты жаналықтар

Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025
MalimBlocks
Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты