Жолсерік пойызда 9 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Ярослав Ч.-тің жағдайы кенеттен нашарлап кеткен

Malim Админ

  • 19.04.2025

«Алматы – Ташкент» пойызының жолсерігі сапар кезінде жағдайы күрт нашарлап кеткен 9 жастағы балаға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін құтқарып қалды. 

Келес станциясында шекаралық және кедендік тексеру кезінде Ташкентке емделуге бара жатқан 9 жастағы Ярослав Ч.-тің жағдайы кенеттен нашарлап кеткен.

Жолсерік Қуатбек Дауылбаев жағдайдың күрделі екенін бірден байқап, дереу әрекет еткен.

Кәсіби әрі уақтылы көрсетілген көмектің арқасында баланың жағдайы тұрақтанып, қауіптің беті қайтты. Пойыз бастығы жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақыртқан, - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Балақайдың анасы Қуатбек Дауылбаевқа кәсіби біліктілігі, зейінділігі мен адамгершілігі үшін шын жүректен алғыс білдірді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық жолсерік жыл сайын алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы дайындықтан өтетінін атап өтті.

Фото: ҚТЖ 

Байланысты жаналықтар

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025
MalimBlocks
Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз