Қазақстандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
13-21 шілде аралығында Қытайдың Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (IMO) өтті. Әлемнің 117 елінен 700-ге жуық оқушы қатысқан білім додасында Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Күміс медаль иегерлері:
Тимур Мұрат – «Haileybury Almaty» халықаралық мектебі;
Әли Еркебұланұлы – «NURORDA» мектеп-лицейі;
Батырхан Бейганов – Республикалық физика-математика мектебі.
Қола медаль иегерлері:
Ерасыл Алтынбек – «NURORDA» мектеп-лицейі;
Марғұлан Шарел – Spectrum халықаралық мектебі;
Амирлан Аманжолов – «Haileybury Almaty» халықаралық мектебі.
Қазақстан IMO олимпиадасына 1992 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 16 алтын, 54 күміс, 86 қола медаль және 30 Құрмет грамотасын иеленді.