freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда пайдаланылмайтын SIM-карталарға тексеру жүргізілуде

Қоғам
Қазақстанда пайдаланылмайтын SIM-карталарға тексеру жүргізілуде
Фото: pixabay

Елімізде ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауынан кейін мобильді интернеттен жаппай бас тарту дерегі тіркелмеген. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, министрлікте тарифтердің өсуіне байланысты азаматтардың мобильді интернеттен жаппай бас тартқаны туралы статистика жоқ. Вице-министр ұялы байланыс абоненттерінің саны үнемі өзгеріп отыратынын, себебі көптеген азамат бірнеше SIM-картаны қатар пайдаланатынын немесе басқа операторларға ауысатынын атап өтті.

Сондай-ақ ол белсенді нөмірлер санының азаюы басқа себеппен байланысты екенін айтты. Министрлік өткен жылдың ортасынан бері байланыс операторларымен бірлесіп пайдаланылмайтын SIM-карталарды базадан алып тастау жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы тексеру барысында қолданылмайтын кейбір нөмірлердің алаяқтық схемаларда пайдаланылғаны анықталған.

Министрліктің мәліметінше, абоненттер санына қатысты статистикадағы өзгерістер ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауынан емес, пайдаланылмайтын SIM-карталарды анықтау және есептен шығару жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу