freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Іштегі желді ұзақ ұстау қандай қауіпке әкелуі мүмкін: Дәрігер түсіндірді

Денсаулық
Іштегі желді ұзақ ұстау қандай қауіпке әкелуі мүмкін: Дәрігер түсіндірді
magnific.com

Ішекте жиналған газды үнемі шығармай ұстау асқазан-ішек жолының жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Бутенко мәлімдеді, деп Malim.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, дені сау адамның ағзасында тәулігіне шамамен 1,5 литрге дейін ішек газы түзіледі. Қалыпты жағдайда ол табиғи жолмен сыртқа шығуы қажет.

Газды ұзақ уақыт ұстап жүру оның ішекте шамадан тыс жиналуына әкеледі. Соның салдарынан іш кебіп, керілуі, түйіліп ауыруы, жүрек айну және жалпы жайсыздық байқалуы мүмкін.

"Табиғи қажеттілікті үнемі басу ішек қабырғасының шамадан тыс созылу қаупін арттырады. Бұл созылмалы ауырсыну мен іш қатуға әкелуі ықтимал", – деді дәрігер.

Гастроэнтерологтің сөзінше, мұндай әдет ас қорыту процесін де бұзуы мүмкін. Сондай-ақ жамбас түбі бұлшықеттерінің әлсіреуіне және тітіркенген ішек синдромының белгілерін күшейтуге ықпал етуі ықтимал.

Дәрігер іште газдың жиі және көп жиналуы, қатты ауырсыну немесе басқа да мазасыз белгілер байқалса, гастроэнтерологке қаралуға кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу