freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында құйын үйлердің шатырын ұшырып әкетті

Оқиға
Павлодар облысында құйын үйлердің шатырын ұшырып әкетті
Фото: видеодан кадр

Павлодар облысында құйын электр бағаналарын құлатып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Malim.kz.

21 шілдеде Павлодар облысының Успен ауданында болған қатты жел мен құйын салдарынан бірнеше елді мекенде электр желілері зақымдалып, тұрғын үйлердің шатырлары бүлінді.

Куәгерлер түсірген видеода далада пайда болған алып құйынның бұлтқа дейін созылып, жол бойындағы электр беру желілерінің бағаналарын құлатып, ағаштарды сындырғаны көрінеді. Табиғи құбылыс автожолды кесіп өткендіктен, жүргізушілер жылдамдықтарын азайтып, қауіпті аумақты айналып өтуге мәжбүр болған.

Успен ауданы әкімдігінің мәліметінше, қатты желдің салдарынан Қоңырөзек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында электр желісінің жеті бағанасы зақымданған. Ал Қоңырөзек ауылында 12 тұрғын үй мен ауылдық мәдениет үйінің шатыры ұшып кеткен.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мамандардың айтуынша, құйын Қазақстанда сирек кездесетін табиғи құбылыс саналады. Алайда жаз мезгілінде найзағайдың күшеюі мен ауа температурасының күрт өзгеруі салдарынан мұндай атмосфералық құйындар дала аймақтарында да пайда болуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу