13 қыркүйекте 17 облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 13 қыркүйек күні Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың шығысы мен солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыс бойынша өрт қауіпі өте жоғары, солтүстігі мен шығысында – жоғары көрсеткіште. Талдықорғанда да өрт қауіпі өте жоғары деңгейде сақталуда.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел таңертең және күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі өте жоғары. Жезқазғанда да желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Қарағанды облысында солтүстікте, шығыста және батыста найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман болады. Күндіз солтүстікте, оңтүстікте және орталықта жел екпіні 15-20 м/с. Түнде батыста, солтүстікте және шығыста 2 градус үсік болады. Оңтүстікте өрт қауіпі өте жоғары. Қарағандыда кейде найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с.
Атырау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы және дауыл соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Өрт қауіпі облыстың көп бөлігінде өте жоғары. Атырауда күндіз найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-18 м/с дейін жетеді. Батысы мен орталығында – жоғары, шығысында – өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік болады.
Абай облысында күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Семейде күндіз найзағай болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай болады. Түнде және таңертең тұман. Жел екпіні 15-20 м/с. Өскеменде найзағай күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстік пен батыста түнде 2 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыста өрт қауіпі өте жоғары. Қостанайда түнде 2 градус үсік болжанады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында найзағай, шаңды дауыл және дауыл соғуы ықтимал. Жел 15-20 м/с. Өрт қауіпі өте жоғары. Қызылордада да найзағай болжанады.
Ақмола облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстік пен батыста түнде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыста өрт қауіпі жоғары.
Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстік, шығыс және оңтүстікте тұман болады. Жел оңтүстікте 15-20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өрт қауіпі өте жоғары. Шымкент пен Түркістанда да өрт қауіпі өте жоғары деңгейде сақталады.
Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 13-15 қыркүйек аралығында өрт қауіпі өте жоғары, оңтүстік-шығысында – жоғары. Алматы мен Қонаевта өрт қауіпі өте жоғары.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында түнде және күндіз найзағай болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта өрт қауіпі өте жоғары. Ақтауда түнде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында найзағай болжанады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қауіпі өте жоғары. Таразда да өрт қауіпі өте жоғары деңгейде сақталады.
Батыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Шығысында – жоғары, батысы мен оңтүстігінде – өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Фото: unsplash