10 қыркүйекте 16 өңірде дауыл болады

Астанада, Алматыда және Қазақстанның 16 облысында 10 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Таңертең және күндіз Ұлытау облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 10 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Күндіз
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздап нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 10 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысыныңсолтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 10 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні 16 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында аздап нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың тау бөктерінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда 10 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталды. Қостанайда 10 қыркүйекте кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 10 қыркүйекте найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Түркістан облысыныңсолтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістанда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 10 қыркүйекте найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түнде Павлодар облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 10 қыркүйекте найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Фото: unsplash

Ең көп оқылған
