"Тұман, найзағай, қатты жел". 6 кыркүйекке қатысты ескерту жасалды

Қазақстанның 14 облысында 6 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 6 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысыныңсолтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысыныңорталығында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, облыстың орталығында, солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Түнде және күндіз Ақтөбе облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың батысында, орталығында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 6 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында найзағай ойнайды, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 6 қыркүйекте найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 6 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Аягөз ауданындағы екпіні 15-18 м/с құрайды.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 6 қыркүйекте найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Фото: freepik

Ең көп оқылған
