457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

4 қыркүйекте бұршақ жауып, үсік жүретіні болжанады

Алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның кейбір өңірлерінде найзағай ойнап, кей тұста нөсер жаңбыр жауатыны, сондай-ақ бұршақ түсіп, үсік жүретіні, жел қатты екпін алатыны болжанады, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, солтүстікте, оңтүстік-батыста, батыста бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін... Республика бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, батыста, еліміздің орталығында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С дейін төмендейді деп күтіледі.

Фото: X/@Lhunonthemoon