7 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 қыркүйек күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бірқатар облыстарда қатты жел соғып, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ пен шаңды дауыл күтіледі.
Жетісу облысында Алакөл маңында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Аймақта және Талдықорғанда өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
Атырау облысында күн күркіреп, жел күшейеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіліп, Жезқазғанда өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады. Қарағанды облысының да солтүстігі мен батысында найзағай, қатты жел болжанған.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл, қатты жел болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ақмола облысында 7 қыркүйекте нөсер жаңбыр, бұршақ пен қатты жел болжанып отыр. Көкшетауда найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысында найзағай, бұршақ, қатты жел күтіледі. Облыстың көп бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысында таулы аймақтарда найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шымкент пен Түркістанда қатты жел соғып, өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Бұдан бөлек, Астана мен Қостанайда найзағай, қатты жел күтілсе, Маңғыстау мен Шығыс Қазақстанда тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Жалпы, еліміздің барлық өңірлерінде өрт қаупінің жоғары немесе төтенше деңгейде сақталатыны ескертілді.
Фото: freepik.com

Ең көп оқылған
