457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

18 шілдедегі ауа райы: +43°C ыстық, шаңды дауыл және нөсер жауын

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

 

Түркістан облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 18 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 18 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 18 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 18 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 18 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 18 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 18 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 18 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 18 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 18 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сакталады. Орал қ.: 18 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күннің екінші жартысында шаңды дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавл қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыс бойынша найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 18 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 18 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: pixabay