+46°С дейін аптап ыстық: 18 маусымға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2025 жылғы 17 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағында өте аптап ыстық болады, деп хабарлайды Malim.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сәрсенбі күні күндіз:
- Ақмола облысында – қатты ыстық +35…+36°C;
- Абай облысында – қатты ыстық +35…+37°C;
- Қарағанды облысында – қатты ыстық +35…+38°C;
- Павлодар облысында – қатты ыстық +35…+39°C;
- Жамбыл облысында – қатты ыстық +38…+41°C;
- Жетісу облысында – қатты ыстық +35…+38°C, солтүстігі мен оңтүстігінде – өте қатты ыстық +40°C;
- Алматы облысында – қатты ыстық +35…+39°C, солтүстігі мен батысында – өте қатты ыстық +42°C;
- Ұлытау облысында – қатты ыстық +35…+39°C, оңтүстігінде – өте қатты ыстық +42°C;
- Түркістан облысында – қатты ыстық +40…+44°C;
- Қызылорда облысында – қатты ыстық +40…+42°C, оңтүстігінде – өте қатты ыстық +46°C.
"Республиканың көп бөлігінде циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әсерінен найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік, батыс, орталық және шығыс аймақтарда бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз аптап ыстық ауа райы сақталады. Республиканың көптеген өңірлерінде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі", - делінген болжамда.
Фото: unsplash

Ең көп оқылған
