457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2025 жылғы 29 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігі мен орталығында жаңбырдың күшейе түсуі мүмкін. Кейбір өңірлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Сонымен қатар, аптап ыстық сақталады.

"Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндізгі температура +35…+36°C-қа дейін жетеді", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Фото: unsplash