14-15 қыркүйекте күн райы тұрақсыз болады

Қазақстанның көп өңірінде 14-15 қыркүйек аралығында күн райы тұрақсыз болып, жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады, деп хабарлайды Malim.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, бұршақ болады.
14 қыркүйек – Жетісу облысының таулы аймақтарында нөсер күтіледі.
15 қыркүйек – Маңғыстау облысында қатты жаңбыр мен жел болжанған.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңғы уақытта тұман болады.
Ауа температурасы айтарлықтай құбылады:
- Шығыста: түнде 0–9°, күндіз 10–22° жылы;
- Орталықта: түнде 1–9°, күндіз 12–20° жылы;
- Оңтүстікте: түнде 10–16°, күндіз 17–28° жылы;
- Солтүстікте және солтүстік-батыста: күндіз 12–19° жылы;
- Батыс пен оңтүстік-шығыста: елеулі өзгеріс күтілмейді.
Фото: © istockphoto.com