Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр, бұршақ жауып, жел тұрады, найзағай ойнайды, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қарағандыда найзағай ойнайды.
Ақтау мен Қызылордада өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Абай, Жетісу облыстарында күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі бар.
Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, тұман түседі, төтенше өрт қаупі бар.
Алматы, Қонаев, Талдықорған, Жезқазған, Тараз, Атырау, Семей, Қостанай қалаларында, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, жоғары өрт қаупі сақталады.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
