457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

5 маусымда кей өңірде 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 маусымда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. 05-07 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 05-07 маусымда облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысы бойынша 40 градус қатты ыстық, оңтүстігінде, шөлді аудандарында 43 градус қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 36 градус қатты ыстық.

Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында күндіз 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Онтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды. 

Атырау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Фото: unsplash

Биыл 60 бала терезеден құлаған - статистика
Аналитика
|
21.05.2025 17:16
2025-05-21 17:16:00

Ең көп оқылған