Әйгілі Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме?

Арман Қайыпхан

  • 16.02.2025

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде Алматының әйгілі зообағы жаңадан салынып жатқан Алатау қаласына көшіріледі деген ақпарат тарады. Осыған қатысты Алматы әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы хайуанаттар бағы өз жұмысын бұрынғы орнында жалғастыруда, басқа қалаға көшу жоспарланбаған. Алматы қаласының аумағын дамыту жоспары аясында зоогеографиялық қағидат бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес хайуанаттар бағын жаңғырту және қайта жаңарту көзделген, - делінген сенбі күнгі хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау жоспарланып отыр, ал қайта жаңарту 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Хайуанаттар бағын жоспарланған қайта құру аясында жүргізілетін жұмыстар жануарларды ұстау жағдайларын едәуір жақсартуға және келушілердің болу жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді, - деп толықтырды мәдениет басқармасы.

Фото: instagram.com/almatyzoo

Байланысты жаналықтар

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

10.04.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

10.04.2025

Алматы әуежайындағы оқиға: Сот істі қайтарды

09.04.2025

Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

09.04.2025

Алматы тауларында қар көшкінінің қаупі сақталып отыр

08.04.2025
MalimBlocks
Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады

Алматыда ер адам биіктен құлап, қаза тапты

Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,

Алматы әуежайындағы оқиға: Сот істі қайтарды

Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Алматы тауларында қар көшкінінің қаупі сақталып отыр