Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Арман Қайыпхан

  • 04.12.2024

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 5 желтоқсанда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлытау облысының шығысында, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын.

Байланысты жаналықтар

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

14.04.2025

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

11.04.2025
MalimBlocks
Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

Malim.kz редакциясы эколог мамандардың пікірін білді

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады