457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нөсер, бұршақ, аптап ыстық: 20 маусымға арналған ауа райы болжамы

2025 жылғы 20 маусым, жұма күні Қазақстанда кей өңірлерде жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады. Сондай-ақ елдің бірнеше облысында аптап ыстық болады, деп хабарлайды Malim.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша республика бойынша желдің күшейеді, солтүстікте және оңтүстікте – шаңды дауыл соғуы мүмкін.

"Республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста нөсер жауын күтіледі, бұршақ болуы ықтимал", - деді синоптиктер.

Күндіз үш өңірде қатты ыстық болады:

Жетісу облысында – +35°С дейін;

Абай облысында – +35…+38°С дейін;

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – +37°С дейін.

Сондай-ақ гидрометорталық келесі өңірлерде жоғары өрт қаупі бар екенін хабарлады:

Алматы облысында, Абай облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы, шығысы және оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі, Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, орталығы және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында.

Төтенше өрт қаупі келесі өңірлерде күтіледі:

 Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі, батысы мен орталығында, Атырау облысының шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысында, Абай облысының батысы, солтүстік-батысы және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында.

Фото: pexels