Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және ауа температурасының ауытқуы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 6–8 мамыр аралығында елдің батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
6–7 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау, 7–8 мамырда Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Қарағанды облысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
8 мамырда республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Сонымен қатар 6 мамырда Павлодар мен Абай облыстарында, 6–7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі және таңғы уақыттарда үсік жүреді.
Ауа температурасы батыс өңірде 23–30 градустан 21–26 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік, солтүстік-батыс пен шығыста 20–25 градустан 24–29 градусқа дейін көтеріледі. Орталықта 22–30 градустан 27–35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 31–38, оңтүстік-шығыста 25–32 градустан 30–38 градусқа дейін ысиды.
Фото: pixabay.com