Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Сұлу Бөлек

  • 13.05.2025

Экология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Еліміздің көптеген өңірінде ауа райы ыстық әрі құрғақ, дегенмен астықты өңірлерде, тау бөктерлері мен оңтүстіктің шеткері аймақтарында жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жақын мөлшерде болады деп болжанып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Құрғақшылық жағдайы Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының солтүстік аудандарында қалыптасуы мүмкін.

Жауын-шашын көбіне батыста және солтүстік-шығыста қалыпты шекте күтіледі, ал қалған аумақта көбіне нормадан аз болады, бұл құрғақшылық жағдайды күшейтуі мүмкін деп күтіліп отыр.

Биылғы тамыз және қыркүйекте егін жинау жұмыстарына қолайлы болады. Экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, мол және ұзақ жауын-шашын күтілмейді, ал еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары деп болжанады.

"Жаз айларының алдын ала болжамы нақтыланып, ай сайынғы болжамдармен толықтырылады, сондай-ақ барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен халыққа жеткізіледі", — деп түсіндірді министр.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға қаржылай көмек ұсынылды

07.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

01.05.2025

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

01.05.2025
MalimBlocks
Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға қаржылай көмек ұсынылды

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті