Қыстың соңғы күні ауа райы қандай болады?

Арман Қайыпхан

  • 27.02.2025

"Қазгидромет" синоптиктері қыс мезгілінің соңғы күні - 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласында тұман түседі деп күтілуде.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында және оңтүстігінде тұман түседі деп болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Ұлытау облысының батысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде кей уақыттарда тұман.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, тұман түседі. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с.

Фото: istockphoto

Байланысты жаналықтар

Аяз және жаңбыр: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

18.04.2025

Жел, найзағай, жаңбыр: бүгін ауа райы қандай болады?

18.04.2025

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Жел, найзағай мен бұршақ: Қазақстанның кей өңірінде ескерту жасалды

13.04.2025

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

11.04.2025

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы

10.04.2025
MalimBlocks
Аяз және жаңбыр: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Жел, найзағай, жаңбыр: бүгін ауа райы қандай болады?

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Жел, найзағай мен бұршақ: Қазақстанның кей өңірінде ескерту жасалды

"Қазгидромет" 14 сәуірде еліміздің көп өңірінде дауылды ескерту жариялады

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы