Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

Онда экология бағыттары бойынша индикаторлар қойылған

Мәди Саматұлы

  • 09.11.2024

Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы экологиялық мәдениетті дамытудың әртүрлі әдіс-тәсілін қамтитын кешенді әдісті қарастырады. Негізгі бағыттар экологиялық ой қалыптастыру, жауапты мінез-құлықты дамыту және оны ынталандыру шараларын, экологиялық білім беру мен ақпараттандыруды қамтиды.

Тұжырымдаманы іске асыру экология туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.

Нысаналы көрсеткіштерге сәйкес, 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 25%-дан 38%-ға дейін арттыру, сондай-ақ, экологиялық тәрбиені нығайту шараларына тартылған оқушылар үлесін 15%-дан 40%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, азаматтардың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі 55,8%-дан 64,7%-ға дейін артады деген болжам бар..

Тұжырымдаманы іске асыру қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуды, экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуді және қоршаған ортаны ластауға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Сондай-ақ құжатта тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.

Фото: 

Байланысты жаналықтар

«Бюджет тапшылығы бар»: Тоқаев инвестиция тартуды тапсырды

28.01.2025

Үкімет пен әкімдердің жұмысын бағалаймыз - Тоқаев

28.01.2025

Былтыр ел аумағында мыңнан аса стихиялық қоқыс үйіндісі анықталған

26.01.2025

Үкіметте салық-бюджет реформасы қаралды

23.01.2025

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

22.01.2025

«Экологиялық тәртіп қалыптастыру керек». Үкіметте «Таза Қазақстан» акциясы сөз болды

21.01.2025
MalimBlocks
«Бюджет тапшылығы бар»: Тоқаев инвестиция тартуды тапсырды

Бірнеше облыста тікелей шетел инвестициясын тарту қарқыны төмендеген

Үкімет пен әкімдердің жұмысын бағалаймыз - Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Былтыр ел аумағында мыңнан аса стихиялық қоқыс үйіндісі анықталған

Соған байланысты 307 мың әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген

Үкіметте салық-бюджет реформасы қаралды

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

«Экологиялық тәртіп қалыптастыру керек». Үкіметте «Таза Қазақстан» акциясы сөз болды

Экология министрлігіне заңнамалық түзетулер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді