freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады

Экономика
Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады
Фото: Pexels

Ұлттық статистика бюросы елімізде бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендегенін мәлім етті., деп хабарлайды Malim.kz.

8 шілдедегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі байқалды. Бағасы ең көп төмендеген өнім – қияр 6,5% арзандады.

Сонымен қатар қызанақ (-4,1%), сәбіз (-2,1%), сүйексіз сиыр еті мен жұмыртқа (әрқайсысы 0,6%), сүйекті сиыр еті (0,3%), балық (-0,1%) бағалары төмендеді. Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды.

Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қызылорда мен Жезқазғанда (-0,4%), Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Түркістан қалаларында (әрқайсысында -0,2%), Алматы қаласында (-0,1%) төмендеді.

Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілер электр энергиясын жеңілдетілген тарифпен ала алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу