freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша жаңа талаптар кейінге шегерілді

Қоғам
Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша жаңа талаптар кейінге шегерілді
Фото: egemen.kz

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексерудің жаңа қағидалары биыл күшіне енбейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оларды енгізу мерзімін 2026 жылғы 12 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға шегеруді ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлікке жаңа қағидаларды қолдануға қатысты азаматтар мен ұйымдардан көптеген өтініштер түскен. Осыған байланысты жұмыс берушілердің, оқыту ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының пікірлері ескеріліп, құжатты қосымша талқылау туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 мамырдағы № 223 бұйрығымен еңбек қауіпсіздігі саласындағы оқыту жүйесіне жаңа талаптар енгізілген болатын. Құжатта оқу орталықтарына қойылатын талаптар, олардың тізбесін қалыптастыру тәртібі және мамандардың жекелеген санаттарын даярлаудың арнайы ережелері қарастырылған.

Министрлік жаңа талаптар күшіне енгенге дейін әлеуметтік әріптестермен, кәсіподақтармен, жұмыс берушілермен және басқа да мүдделі тараптармен кең ауқымды талқылауды жалғастыратынын мәлімдеді. Талқылау нәтижесінде қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу