freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Анасын, жиенін және қонақтарды өлтірген ер адам жындыханаға жатқызылды

Қоғам
Анасын, жиенін және қонақтарды өлтірген ер адам жындыханаға жатқызылды
Фото: ашық дереккөз

Астана маңындағы Жібек жолы ауылында төрт адамның өліміне әкелген қанды оқиға бойынша сот шешімі шықты. Параноидты шизофренияға шалдыққан деп танылған ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қарқынды бақылауы бар мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі ем қабылдайтын болды, деп хабарлайды Malim.kz

Stan.kz жазуынша, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған төрт адамның өліміне қатысты резонансты істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылдың наурыз айында айыпталушы мен оның жиені арасында ұялы телефонның бұзылуына байланысты жанжал шыққан. Жиені полиция шақырғанымен, тәртіп сақшылары келгеннен кейін тараптар татуласып, анасы ұлына қатысты шара қолданбауды сұраған.

Алайда полицейлер кеткен соң ер адам ашуға мініп, асүй балтасымен үйде болған адамдарға бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан оның анасы, жиені және қонаққа келген екі қарт адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың үшеуі зейнеткер болған.

Яна Легкодимованың анасы қызын өлтіргендердің "Қара бүркітте" отырғанына сенбейді: ҚАЖД оның сұрағын жауапсыз қалдырып отырОқыңыз

Сот-психиатриялық сараптама айыпталушының параноидты шизофрения түріндегі созылмалы психикалық дертке шалдыққанын анықтады.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, қылмыс жасалған сәтте ол өз әрекетіне есеп бере алмайтын жағдайда болған. Сондай-ақ оның тергеу әрекеттеріне және сот процесіне қатысуға психикалық жағдайы мүмкіндік бермеген. Белгілі болғандай, ол 2022 жылы да мәжбүрлі психиатриялық ем қабылдаған.

Осыған байланысты сот ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оны қарқынды бақылауы бар мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу