4 маусымға арналған валюта бағамы

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 509 - 515 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 4 маусымға ұсынған ресми бағамы - бір долларға 512,10 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,50 теңге. Еуро — 583,64.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 583, сату құны — 587.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30 — 6,45 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 3 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,71 теңгеге қымбаттап, 512, 10 теңге болған.
Фото: Malim.kz

Ең көп оқылған
