Астанадан “Сергек” кетіп, орнына шетелдік компания келеді

Арман Қайыпхан

  • 14.02.2025

Астанада 2017 жылдан бері іске қосылған "Сергек" жобасы 13 наурызда аяқталады. Енді елордадағы бейнебақылау жүйесі G42 холдингіне кіретін Presight компаниясына беріледі. Бұл туралы Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәслихат отырысында сөз сөйлеген Сүлейменов жаңа жобаны әзірлеу барысында "Сергектің" кемшіліктері ескерілгенін атап өтті.

"2017 жылы "Сергек" жобасы іске қосылды. Биыл 13 наурызда "Көркем Телеком" ЖШС-мен жасалған келісімшарт мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз Астанада жасанды интеллект негізінде қалалық инфрақұрылымды басқару шешімін енгізу бойынша халықаралық компания Presight-пен жұмыс жасадық. Жаңа жоба аясында аппараттық-бағдарламалық кешеннің көп бөлігі тұрақты электрмен қамтамасыз етіледі, бұл жүйенің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, негізгі камералар мен кешендер оптикалық байланыс желісіне қосылады, бұл бейне деректерді сенімді түрде тасымалдауға мүмкіндік береді", – деді Сүлейменов.

Жаңа жоба аясында:

• 22 мың бейнебақылау камерасы орнатылады;

• 732 аппараттық-бағдарламалық кешен (АПК) жол қиылыстарында жұмыс істейді;

• 470 АПК көшелер бойында орналасады;

• 15 түрлі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеу жүйесі енгізіледі;

• 35 түрлі видеоаналитика жүйесі пайдаланылады.

"Жоба аясында деректерді өңдеу орталығы мен біртұтас жағдайлық орталық құрылады. Бұл қаладағы жедел қызметтердің жұмысына ықпал етіп, кез келген оқыс оқиғаға шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект арқылы жол қозғалысын басқару оңтайландырылады, қауіпсіздік деңгейі артады және қалалық қызметтердің тиімділігі жақсарады. Жоба 2030 жылға дейін есептелген, оның әсері жан-жақты болмақ", – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Жобаны 100% жеке инвестор қаржыландырады, инвестиция көлемі – 53 миллиард теңге. Жұмыстың 60%-ын қазақстандық компаниялар орындайды. Жүйе толық іске қосылғаннан кейін ғана инвесторға төлем жүргізілетін болады. Мәслихат депутаттары "Сергекті" алмастыруды және жаңа компанияға өту процесін қолдады.

Фото: Сергек баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады